«Le Bistro» мейрамханасы
«Le Bistro» — талғампаз интерьері, жайлы атмосферасы, жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуі және еуропалық асхананың тағамдары үйлескен мейрамхана.
Қонақ үй қонақтарына күн сайын «швед үстелі» форматында таңғы ас ұсынылады: жұмыс күндері 05:00-ден 10:00-ге дейін, демалыс күндері 05:00-ден 11:00-ге дейін. Күні бойы мейрамхана A La Carte мәзіріндегі еуропалық тағамдардан дәм татуға шақырады.