Телефон: +7 (7122) 921100

Факс: +7 (7122) 306195

060011, Қазақстан, Атырау

Сатпаев көшесі, 6

Көрнекті орындары

Облыста өткен ғасырдағы дәстүрлі мұсылман архитектурасының көптеген ескерткіштері, негізінен, ескі некропольдар, жерасты мешіттері және құлпытастар бар. Облыстағы тарих, археология, архитектура және монументальдық өнер ескерткіштері мыңнан астам. Атырау мұражайларынан Қазақстан мен Ресейдің қолданбалы өнерінің, ХІХ ғасыр басындағы шебер-зергерлердің әйелдерге арналған әшекей бұйымдары мен қымбат металдан жасалған бұйымдардың ерекше коллекциясынан мыңнан астам түпнұсқа-мұраларын көре аласыз.

Ежелгі қалашық Сарайшық

Сарайшық –Қазақстанның ежелгі ескерткіштерінің бірі, Қазақ ордасының бесігі. Бастапқы уақытта қалашық Алтын Орданың сауда орталықтарының бірі ретінде қызмет етсе, кейін Ноғай астанасының Ордасы болды. Қала Жібек жолының шыны болып сауда жолында Поволжье және Хорезм арқылы Яик өзен /қазіргі уақытта Урал/ бойында орналасты. Қазіргі уақытта қалашық орнында «Сарайшық – Хан ордасы» атты мемориалдық кешені салынды.

Орналасқан жері: Сарайшық елді мекені, Атырау қаласынан 50 км қашықтықта

«Иманғали» мешіті

«Иманғали» мешіті Атырау қаласының орталығында Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан. Мешіттің әсем ғимараты 2000 жылы салынған. Құрылымды ішкі диаметрі 7 м., биіктігі 23 м үлкен күмбез аспандатып тұр. Сіз мешітке кез-келген уақытта кіріп, Рамадан және Құрбан Айт, сондай-ақ, Хиджра бойынша (ай күнтізбесімен) Жаңа жыл мейрамдарын тойлауға ортақтаса аласыз.

Орналасқан жері: Сәтпаев көшесі 15.

Успен соборы

Успен соборы (1883 ж) Тайманов және Гагарин көшелерінің қиылысында орналасқан. Сабордың жалпы алаңы – 230 шаршы метр, сиымдылығы – 900 орын. Успен саборының бас күмбезінің биіктігі 40 м құрайды. Онда біз Пасха, Рождество және шоқыну мерекесі және басқа да православиелік мерекелерді тойлап жатқан қалалықтарға қосыла алады.

Орналасқан жері: Тайманов көш., 16, Гагарин көшесінің қиылысы.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Мұражай - Атыраудың рухани және мәдени мұрасын, тарихын зерттеу, сақтау және насихаттау бойынша үлкен жұмыстар жүргізіп отырған мәдени орталық. Мұражай 1939 жылы құрылған және бүгінде палеонтологиялық коллекциядан, қазақ қолданбалы өнер үлгілерінен, ежелгі қалалар мен архитектура тарихынан 1000-нан аса жәдігерлері бар.

Орналасқан жері: Момышұлы көш., 3.