Телефон: +7 (7122) 921100

Факс: +7 (7122) 306195

060011, Қазақстан, Атырау

Сатпаев көшесі, 6

Мейрамханалар

Il Патио – бас ас мәзірі бар итальян асханасының демократиялық отбасылық ресторандар желісі. Пицца мен пастадан басқа, «ІL Патио» ас мәзірінде ет, ет өнімдері мен көкөністердің үлкен көлемі бар.

Суши планетасы – «отбасылық» тобына жататын жапон рестораны. Тиімді орналасқан жері мен тиімді бағасы бизнес-ланчқа, жұмыстан кейін жостармен отырғанға, туыстармен бірге жексенбіден тамақтанғанға қолайлы.

TGI Friday’s – біздің қаламыздағы Росинтердің тағы бір өнімі. Кең коктейльдік картасы, жеңіл тамақтың мол таңдауы мен бургерлік және фрайдисовтік дизайны бар типтік америкалық бар. Кеңседен кейінгі сыра ішу немесе клуб алдындағы текила-бум үшін тартымды орын.

Самұрық – шығыс асханасы бар жаңадан ашылған мекеме. Ішкі қызықты дизайны, таза шығыс асханасы және сауда орталығында орналасқаны оны қаланың көптеген тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды етеді.

Guns’n’Roses – қазақстандық осы аттас пабтар желісінің негізін салушы. Типтік ағылшын пабының ахуалы кружкамен сыра іше отырып, жанды музыка аясында би билеуге тартып тұрады. Ескі қайырымды «Ганздердің» интерұлттық рухы уақыт шеңберінде өшіп қалмай, түрлі құрлықтың адамдарын біріктіруін жалғастыра бермек.

Бавариус – жеке сыра қайнатқышы бар ресторан. 2 қабаты, 2 бар тұрағы, неміс пабы стиліндегі ахуал, хаус-вокалистер мен поп-жұлдыздардың концерттері, үздік командалар мен диджейлердің жанды қойылымдары – сіздің сенбілік кешіңіз осылардан тұрады.

Cinzano – қаладағы үздік барлардың бірі. Мұнда өте қолайлы бар тұрағы, жайлы дивандар, жақсы сервис, ас мәзірінде жапон және еуропа асханасы, жексенбі күні диджейлердің керемет музыкасы бар.

Joy café&bar – барлық талғамға сай тамағы бар көңілді орын. Асханасы- орыс және еуропалық. Кешкілік - жанды музыка. Келісті жазғы террасасы бар, жексенбі күндері мұнда диджей жұмыс істейді.

Гранд – жеке сыра қайнатқышы бар сыра бары. Дәмді сыраның бірнеше сорты, жеңіл және ыстық тағамдардың мол ас мәзірі.