Телефон: +7 (7122) 921100

Факс: +7 (7122) 306195

060011, Қазақстан, Атырау

Сатпаев көшесі, 6

Сауна

Фин саунасы сергектік сыйлап, күш-қуат береді!

Тренажер залы

Күш-қуатын арттырып, денені жақсы қалыпта ұстауға арналған құрал-жабдық

Массаж кабинеті

Массаждың барлық түрі. Қайтадан дүниеге келіп, өзінің күш-қайратын сезінуі үшін

Денсаулық клубы

Жаттығу алдында:

Жаттығу алдында, ең алдымен, Денсаулық клубына бару ережелерімен және жаттықтырушының жұмыс ұстанымымен танысу керек. Әкімшінің Сізге нұсқау беруін сұраңыз.

Жаттығу алдында негізгі бұлшық еттерді жаттықтыратын қарапайым жаттығуларды жасаған дұрыс. Бұл сізді жүк түсіруге біртіндеп үйретеді.

Сауна

Саунаны қабылдау ережелері::

Сауна алдында душ қабылдап, бірақ, міндетті түрде сүлгімен құрғатып сүртіну керек, ешқандай жағдайда басты жууға болмайды, шаштарды қатты ысып кетуден қорғау мақсатында құрғақ ұстау керек.

  1. Бастапқы жеңіл кіру: 3-4 минут
  2. Саунадан шығып, салқын душ қабылдау(18°С)
  3. Аздаған демалыс: 20-30 минут.
  4. Екінші рет кіру: 10-15 минут.

Дене жайылып, саунаға екінші рет кіргеннен кейін неғұрлым салқын душ қабылдап, аздаған үзіліс (20-30 минут) жасауға болады. әрі қарай осылай қайталауға болады. Саунаны қабылдаудың барлық сеансы үш сағаттан аспауы тиіс.

Рәсімді аяқтағаннан кейін қайтадан душ қабылдап, шашты жуу керек. Сауна қабылдау кезінде ағза су жоғалтып, тері құрғақ тартатындықтан, душтан кейін міндетті түрде ылғалдатқыш лосьонды немесе денеге арналған сүтті кремді пайдаланыңыз. Киімді дене кепкен соң барып кию керек.

Нені білу керек?

Өзіңізбен бірге міндетті түрде сүлгі алып кіріңіз. Ол сізге жату немесе отыру үшін қажет болады. Басыңызды қатты ыстықтан сақтау үшін киіз қалпақ немесе қалың тоқылған қалпақ алып кіру керек.

Саунаға дейінгі және кейінгі тамақ пен сусын:

Саунаға дейін және одан кейін ауыр тамақ жеуге, сондай-ақ, спиртті ішімдіктер, соның ішінде, сыра ішуге жол берілмейді. Саунадан кейін ағзадағы сулы-тұзды балансты қалпына келтіру қажет, ол үшін су немесе шай ішеді.