Телефон: +7 (7122) 921100

Факс: +7 (7122) 306195

060011, Қазақстан, Атырау

Сатпаев көшесі, 6

Қонақ үйi жайлы

Atyrau Dastan Hotel - Dastan Hotels Group жобасы – Батыс Қазақстанда Атырау және Ақтөбе қалаларында орналасқан бизнес-класс отелдерінің қазақстандық желісі.

Atyrau Dastan Hotel-де стандарттықтан «Президенттік люкске» дейінгі түрлі категориядағы 94 нөмір, мейрамхана қызметі тәулік бойына және талапқа сай қызмет көрсетеді. Ең заманауй талаптарға сәйкес жабдықталған конференц-залы іскерлік қызметіңізге қолдау көрсетіп, қамтамасыз етеді. Біз сіздің қауіпсіздігіңізге және ең озық жағдай туғызуға кепілдік береміз.

Atyrau Dastan Hotel-де орнаған ахуалға сіз қазірден бастап-ақ үш деңгейлі виртуальдық тур арқылы ене аласыз. Онлайн-брондау еш қиындықсыз жүзеге асады.

Atyrau Dastan Hotel жайлылығы жағынан 4 жұлдызды деңгейге сәйкес келеді. Нөмірлер Батыс Қазақстанның өте құрғақ ауа райында қажетті ауа салқындатқыштармен жабдықталған. Әрбір нөмірде сейф, фен, мини-бар, халат, Интернетке жоғары жылдамдықтағы қолжетімділік, спутниктік телевидение мен телефон бар. Оның орналасқан орны да маңызды: отель қала орталығына, Жайық өзеніне жақын жерге, халықаралық компания кеңселерімен көршілес, қалалық мұражайға, театрға жақын, сонымен бірге, әуежай мен теміржол вокзалынан 4-6 шақырым қашықтыққа қоныс тепкен.

Бізбен байланысыңыздар, біз сіздерді барлық қажетті ақпараттармен қамтып, сіздер үшін ерекше жағдайлар туғызғанға қуаныштымыз, себебі, сіздердің жұмыстарыңыздың тиімділігі үшін жайлылықтың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.

Презентациялық ролик